ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ДЕМАЛЫП, САЯХАТТАП ҚАЙТТЫ
Ұстаздардың еңбек демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында Қобда аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподағы жоғары жетістіктерімен дараланған кәсіподақ мүшелеріне «Мерке» шипажайына жолдама берген болатын. Қазіргі таңда олар емдеу-сауықтыру орталығында жан-жақты ем қабылдап, демалып қайтты. Шипажайда родон суымен душ, ванна қабылдау, емдік электронды массаждар, ине терапиясы, галотерапия, аэроионотерапия, парафиноозокерит, фитобочка, түрлі фито шәйлармен ем жүргізілді.
Емдік, сауықтыру шаралары, ас мәзірі, шипажай қызметі кәсіподақ мүшелерінің көңілінен шықты.
«Мұғалім мәртебесін көтеріп, қолдау көрсетіп, тың серпіліс бергені үшін кәсіподаққа алғысымызды білдіреміз»,- дейді демалушы ұстаздар.
Сондай-ақ, Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен білім беру ұйымдарында қызмет ететін кәсіподақ мүшелері Түркістан, Ташкент қалаларына тарихи-танымдық саяхатқа барып келді.
-Ұстаздық жолымыздағы нәтижелі еңбегімізді ескеріп, осындай құрмет көрсетіп отырған кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз. Түркістан, Ташкент қалаларын тамашалап, оның кереметтілігінен үлкен әсер алып, бойымызға күш-қуат жинадық. Біздің күзгі демалысымыз сәтті әрі көңілге қонымды өтті. Киелі жердің топырағына саяхат жасауды басқа да әріптестерімізге кеңес береміз!,- дейді кәсіподақ мүшелері.
Ақтөбе облыстық ұйымы
-
Фото
-