МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҰСТАЗДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНДЫ
Міне, көзді ашып-жұмғанша күзгі каникул да өте шықты. Дегенмен, демалысты облыс ұстаздары құр өткізбей, денсаулықтарын нығайтуға арнады. Мұғалжар аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподағы педагогтерге еліміздегі ең жақсы емдеу-сауықтыру кешендеріне жолдама берген болатын.
Қазіргі таңда аталған ауданның кәсіподақ мүшелері «Мерке» және «Сарыағаш» емдеу-сауықтыру орталығында болып, ем алып келді. Олар шипажайларда кешенді ем қабылдаумен қатар оңтүстік көрікті жерлеріне саяхат жасап, күзгі демалыстарын ерекше өткізді. Сонымен бірге аталған шипажайларда демалушылар үшін мәдени-көпшілік және сауықтыру шаралары да ұйымдастырылған.
Ем алушылардың айтуы бойынша, шипажайларда көпсалалы ем жүргізіледі. Фитотерапия, яғни шөп дәрілер қайнатылып беріледі. Сондай-ақ, парафин-озекерит, электрофорез, амплипульс, ингаляция, дарсенваль, алмаг 02, теплон, пантамен дайындалатын минералды ванна мен душ, массаж және тағы басқа ем-дом түрлері жүргізілген.
Ақтөбе облыстық ұйымы
-
Фото
-