ҮЗДІК ПӘН МҰҒАЛІМІ АТАНДЫ
Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Үздік химия пәні мұғалімі-2024 » байқауы өткізілді.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімді анықтау,кәсіби шеберлігін шыңдау, өзара бәсекелестікті қалыптастыру және оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған аудандық байқауға 14 мұғалім қатысты.
Байқауға қатысушылар шығармашылық таныстырылым және «Шабыттандырушы әлем – үздік сабағымда» бейнесабақ үлгісін қорғау кезеңдері бойынша бақ сынасты.
Байқау қорытындысында №5 мектеп лицейі мұғалімі Алтынай Жанелова бас жүлдеге иеленді.
Жүлделі І орынға Б.Сүлейменов атындағы орта мектебінің мұғалімі Бақытгүл Тлеуова, ІІ орынға № 1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Жаңагүл Қалжанова мен № 2 мектеп-гимназиясының мұғалімі Әсемгүл Ермағамбетова, ал ІІІ орынға № 3 орта мектебінің мұғалімі Айжан Ниязбаева мен І.Үргенішбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Сәнімгүл Тлеубергенова, Тоғыз орта мектебінің мұғалімі Алтынгүл Тәжібаева, Сарыбұлақ негізі орта мектебінің мұғалімі Меруерт Арғынбаева ие болды.
Сонымен қатар байқаудың жеңімпаздары атанған Алтынай Жанелова мен Бақытгүл Тлеуоваға аудандық кәсіподақ ұйымының танымдық-туристік саяхатқа жолдамасы табысталды.
Сайыс соңында барлық қатысушыларға Алғыс хаттар мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтары табысталды.
-
Фото
-