
ҰСТАЗДАР МАРАПАТ ТӨРІНДЕ
Ағымдағы жылдың 11 қараша күні «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» төрағасы Мэлс Құлмұханұлы Төлепбергенов облыстық білім басқармасының басшысы Марат Бекбосынұлы Сүлейменовпен бірлесіп Талдықорған қаласындағы №4 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Хисматулина Альфия Құрманғалиқызы ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, педагог-психологі Кылышбаева Марал Имангелдіқызы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттады.
Альфия Құрманғалиқызы мен Марал Имангелдіқызы білім саласында 35 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаздар. Өскелең ұрпаққа білім беруде заманға сай әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақтарын жаңашылдықпен өткізіп жүрген көшбасшы педагогтар. Шәкірттері облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.
Ұжымдастар арасында беделді, өзіндік орны бар әріптестер.
-
Фото
-