
ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Т.Кабдрахманова бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесу өткізді. Осы жолы «Бозанбай орта мектебі» КММ төрағасы Н.А. Ашимжанов пен «Айжұлдыз» бөбекжай-бақшасы» КМҚК төрағасы Н.К.Казтаеваның кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, мазалап жүрген мәселелерді талқылады.
Айта кетсек, ауданның бір қатар төрағалары мен кәсіподақ комитеттегі мүшелері биыл жаңадан сайланғандықтан, олармен жеке жұмыс атқарылуда. Жоспар бойынша кәсіподақ жұмысымен және қызметтің барлық бағыттары бойынша таныстырып, оқыту. Жыл сайын кәсіподақ комитеті түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге, кәсіподақ мүшелеріне материалдық және қайырымдылық көмек көрсетуге ерекше көңіл бөліп, ең өзекті және толғандыратын тақырыптарға сұрақтар қоя отырып, белсенді диалог болды.
Кездесу соңында Г. Кабдрахманова кәсіподақ белсенділерге алғысын білдіріп, көтерілген мәселелердің өзектілігін айқындап, шешуді талап ететін көптеген мәселелер көтерілген қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.
Кездесулер әлі де жалғасын таппақ.
-
Фото
-