
КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫСЫ
Самал Усанова қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Шағалалы атындағы орта мектеп» КММ кәсіподақ комитетінің төрайымы.
Мақсатты, белсенді, шығармашыл, өз пәнін ғана емес, өз мамандығын, ең бастысы, балаларын сүйетін ардақты ұстаз. Заман көшіне ілесе отырып, білім берудің жаңа формалары мен әдістерін іздейтін жаңашыл ұстаз.
Сыныптан тыс жұмыстарда балалардың ой-өрісін кеңейтіп, әр оқушыны мейірім мен еңбекке баулуға көп көңіл бөледі.
Самал Тыштықбайқызы өткізетін іс-шаралар әрқашан ұқыпты ұйымдастырылуымен ерекшеленеді және айқын тәрбиелік сипатқа ие.
Мұғалім деңгейлеп, саралап оқытуға үлкен көңіл бөледі – бұл тәсілде оқу-тәрбие процесінің мазмұны мен әдістері әркімге, оның қабілетіне қарай дараланады. Бұл жұмыстың нәтижесі оның оқушылары олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары.
Оқушыларды жарыстар мен олимпиадаларға дайындау арқылы мұғалім нәтижеге жауапкершілік алады.
Самал Тыштықбайқызы мұнымен тоқтап қалмай, үнемі білімін жетілдіріп, деңгейін көтеріп, жаңашыл ұстаздардың тәжірибесін зерделеуде.
Әрі жұмыс тәжірибесін жас ұстаздарға үйретеді. Республикалық «Зейін», «Зерек ұстаз», «Ақ қауырсын», «Тәуелсіздікке тарту» және т.б (барлығы 20-дан астам) грамоталармен марапатталған.
Өз ұжымында Самал Тыштықбайқызы өте сыилы және де тәжрибелі ұстаз ретінде бағаланды. Кәсіподақ жұмысын белсенді атқарып, әріпестеріне әрқашанда көмек көрсетуден аянбайтын сыйлы әріптес.