КИЕЛІ ӨНЕР ОРДАСЫНА – 80 ЖЫЛ
Батыс Қазақстан облысында 19 қараша күні Құрманғазы атындағы саз колледжінің 80 жылдық мерейтойына арналған «Киелі өнер ордасы» атты концерті өтті.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, зиялы қауым өкілдері, облысымыздың білім саласының қызметкерлері, баспасөз қызметкерлері, ардақты ардагерлер және өнер ордасының түлектері мен студенттері қатысты.
Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаевтың атынан құттықтау үшін бас маманы Марина Темиргалиева мен бас маман - заңгер Гүлжанат Құрманғазиева қатысты.
Концерттік бағдарламаның ашылу салтанатынан кейін бас маман Марина Темірғалиева Орталық комитеттің «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісі, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамоталарымен бірқатар кәсіподақ белсенділерін марапаттап, Құрманғазы атындағы саз колледжінің 80 жылдық мерейтойына орай ұжымға «Сарыағаш» шипажайына үш тегін жолдама табыстады.
Концерттік кеш әуелеген ән, мың бұралған би, тамылжытқан күймен жалғасып қонақтарға әдемі көңіл – күй сыйлады.
Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағы
-
Фото
-