ЖЕМІСТІ ЕҢБЕККЕ — ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ
“Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің өкілдері «Алма» сөйлеу тілінде кұрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақшасының жиырма жылдық салтанатты шарасына қатысты.
Айтулы шара ардагерлер мен ұстаздардың, білім саласы өкілдерінің қатысуымен өтті.
Жүздесудің бірінші бөлімі меймандарды құрметпен қарсы алумен басталды. Білім ғимаратында аға буын ардагерлер мен ұстаздар сағыныса қауышып, өткен жылдардың естеліктерін ортаға салды.
Мерекелік шара барысында білім мекемесінің тарихы мен ұстаздардың өткен өмірінің естеліктерінен сыр шерткен бейнеролик көрермен назарына ұсынылды.
Басқосудың салтанатты бөлімінде мекеме басшысы Гүлшат Балымбетова құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарды мерейтоймен құттықтады.
Салтанатты жиын барысында бірқатар кәсіподақ мүшелеріне құрмет көрсетілді. Шарада “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Раушан Серікова сөз сөйлеп, мекеме ұжымын мерейтоймен құттықтады. Сөз соңында Раушан Серікқызы мекеме басшысы Гүлшат Балымбетоваға “Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісін табыстады. Сондай-ақ, кәсіподақ көшбасшысы білім саласына үлес қосқан бірқатар кәсіподақ мүшелеріне марапаттар тапсырды. Мерекелік шарада мекеменің тәрбиешісі Елена Дурневаға, логопед Гүлшат Балмағамбетоваға, музыка жетекшісі Марина Митрофановаға, тәрбиеші көмекшісі Гүлбарам Мырзағұловаға облыстық кәсіподақ есебінен «Сарыағаш» шипажайына жолдама сертификаты табысталды.
Одан бөлек мекеменің 12 қызметкері облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мерекелік шараға қатысқан меймандар ізгі тілектерін білдіріп, ұстаздарды еңбектеріне жеміс тіледі.
Мерекелік шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.
-
Фото
-