Келісу комиссияларының мүшелерін оқыту: еңбек дауларын шешудің сапасын арттыру
Еңбек заңнамасына сәйкес жеке еңбек даулары келісу комиссиялары арқылы шешілуі тиіс.
Келісім комиссияларының тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында, 21-22 қарашада Қарағанды облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы /төрағасы А.Ракишева/ келісу комиссияларының мүшелеріне еңбек заңнамасының негіздерін, келіссөз жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларын шешу жолдары туралы семинар ұйымдастырды.
Оқыту тренерлері ретінде облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық инспекторы Татьяна Миллер мен ҚРКФ Қарағанды филиалының заң клиникасының жетекшісі, медиатор-тренер және заңгер-консультант Света Шардарбекова қатысты. Оқыту практикалық семинарлар мен лекциялар форматында өткізілді, онда еңбек дауларын қарау тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ дауларды бейбіт шешудің ықтимал жолдары сияқты негізгі мәселелер қарастырылды.
Айрықша назар практикалық кейстерге бөлінді, бұл қатысушыларға тек теориялық білімді ғана емес, нақты жағдайларды талдай отырып, өз жұмысында кездесетін еңбек дауларын шешу стратегияларын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Курс аяқталғаннан кейін әрбір қатысушы келісу комиссияларының құрамында жұмыс істеу үшін оның біліктілігін растайтын сертификат алды.
-
Фото
-