АСТАНАНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Астана қаласының білім қызметкерлері Кәсіподағының Қалалық Комитетінің отырысы өтті.
Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев отырысты ашып, күн тәртібін ұсынды.
Күн тәртібінде:
1. Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының Астана қаласының Кәсіподақтар орталығымен қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылын жетілдіру туралы;
2. Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының 2024 жылы атқарылған жұмысының қорытындысы туралы;
3. Конкурс жеңімпаздары мен кәсіподақ активін марапаттау туралы сұрақтар қаралды.
Қалалық Комитеттің отырысына Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов қатысып Білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы мен Астананың Кәсіподақтар орталығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына, елорда педагогтарының әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау үшін өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге егжей-тегжейлі тоқталды. Және үйлесімді жұмыс жүргізу қызметкерлердің құқықтарын табысты қорғаудың және қолайлы еңбек жағдайларын жасаудың кепілі болып табылатынын атап өтті.
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғауда, еңбек жағдайларын жақсартуда және педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыруда кәсіподақтың елеулі табыстарын көрсететін мәліметтерді ұсынылды. Төраға сөзінде ұжымдық жұмыстың маңыздылығы мен Кәсіподақ қызметінің тиімділігіне баса назар аударылды.
Отырыс барысында кәсіподақ белсенділері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының және Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының марапатымен марапатталды.
Сонымен қатар, Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағы мен Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы бірлесе өткізген «Астана қаласының үздік жас педагогы-2024» жыл сайынғы байқауы қорытындыланды.
Байқаудың мақсаты — педагог мәртебесін арттыру, білім қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі Кәсіподақтың қоғамдағы рөлін арттыру, педагогикалық кәсіптің маңыздылығы мен беделін арттыру, жас педагогтардың шығармашылық қырын ашу, тәжірибе алмасуға жағдай жасау және педагогикалық бастамаларды дамытуға ықпал ету.
Байқауға Астана қаласының білім беру ұйымдарынан 100-ге жуық жас педагог қатысты.
Сондай-ақ, байқау жеңімпаздарының дипломдары аттестаттау кезінде педагогтың жетістіктері ретінде ескеріледі.
Байқау қорытындысы:
I орын – Астана қаласы әкімдігінің №18 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Кәрімова Айкүнім Әлимұратқызы.
II орын – №106 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Утебай Салтанат Куралбековна.
II орын – №33 «Алтын дән» балабақшасының тәрбиешісі Колбасова Карина Юрьевна.
III орын – №86 «Зияткер» балабақшасының тәрбиешісі Избасканова Нуржамал Актаевна.
III орын – Техникалық колледжінің биология пәнінің оқытушысы Жанысбек Асылзат Әсетіллақызы.
III орын – № 51 «Алтын сандық» балабақшасының логопед-дефектологі Сағидуллақызы Жанна.
Белсенді қатысқан жас педагогтарға Байқау Ережесіне сәйкес келесі номинациялар табысталды:
«Үздік бейнеролик» номинациясы – Жұмабек Тәшенов атындағы № 10 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Бибіайша Омарқызы;
«Креативті педагог» номинациясы – №6 гимназияның ағылшын тілі мұғалімі Веселова Галина Викторовна;
«Белсенді қатысушы» номинациясы – Тәттімбет атындағы № 1 өнер мектебінің дәстүрлі ән мамандығының педагогі Ахмедияр Нұрдәулет Түгелбайұлы;
«Белсенді қатысушы» номинациясы – № 3 арнайы мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Усенбаева Зарина Мейрамтайқызы марапатталды.