ЖҮРЕГІ ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖЫЛУЛЫҚҚА ТОЛЫ ТҰЛҒА
«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз.
Назым Адыкенова еңбек жолын 2005 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы №4 ясли-бақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеп келе жатыр.
Ол дейінгі тәрбие әдістерін жақсы меңгерген. Өзінің шеберлігімен қазіргі заман талабына сай, бүлдіршіндерге саналы тәрбие мен сапалы білім беруде шығармашылық ізденіспен еңбек жасап жүрген ұстаз. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы ретінде сіңірер еңбегі орасан зор.
Еңбегі еленіп, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Марапатыңыз құтты болсын! Еңбек жолында зор жетістіктерге жете беріңіз!
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің Талдықорған қалалық филиалы