«ЗОРЛЫҚ ЗОМБЛЫҚСЫЗ ӘЛЕМ!»
25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтуде. Осыған орай, «Зорлық - зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында 2024 жылдың 26 қараша күні Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы №10 «Ақбота» бөбекжайында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымының Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Зорлық зомблықсыз әлем!» атты іс-шара өтті.
Акцияның мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту, зорлық-зомбылықтың алдын-алу. Іс-шараға бөбекжай тәрбиешілері мен мектепалды даярлық сыныптарының мұғалімдері қатысты.
Іс-шара барысында баяндамалар оқылып, бейнеролик қаралып, талқылау жұмыстары мен тренингтер жүргізіліп және спорттық үстел үсті ойындары ойнатылды.
Шараға қатысушылар өзекті тақырыпты түсіндіру бойынша кездесулерді мүмкіндігінше жиі өткізу қажет деген ұсыныстарын жеткізді.
Барлық қатысушыларды ынталандыру мақсатында Мұнайлы аудандық филиалынан сыйлықтар тарту етілді.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық кәсіподақ филиалы
-
Фото
-