«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында 27қараша күні «Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясы» КММ–де жас мамандар арасында мектеп, оқушы және ата-ана арасындағы тиімді қарым-қатынас тақырыбында тренинг өткізді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты: зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, тақырып төңірегіндегі заң нормаларын түсіндіру.
Мектеп психологы Ә.Байзақова мектеп, оқушы және ата-ана арасындағы тиімді қарым –қатынас пен адами құндылықтың адам өміріндегі маңызы туралы баяндады.
Жас мамандар түрлі ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, жағдаяттар көрсетілген мәтіндерге байланысты рөлдерге еніп, сахналанған қойылымдар көрсетті.
Тренингті бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Бисенбаева қорытындылап, белсенділік танытқан қатысушы жас мамандарға сәттілік тілеп, шарада спикер болып іс-тәжірибесімен бөліскен мектеп психологын Алғыс хатпен марапаттады.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясы
-
Фото
-