«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!»
«Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Жаңаөзен қалалық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою мақсатында «Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында тренинг өтті.
Шараға Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарының мектеп басшысының орынбасарлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Тренинг жұмысына Жаңаөзен қаласының Жастар ресурстық орталығының маманы, психолог Ерлан Қалиев шақырылып, спикер «Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама жасады.
Тренингтің мақсаты — әйелдерге зорлық-зомбылықтың түрлерін, оны тану әдістерін және өз құқықтарын қорғау жолдарын түсіндіру.
Тренинг барысында «Ер адамның түрлері», «Улы еркектердің 10 түрі», «Әйел және қаржы», «Қызықты типология», «Әкесі мен қызы», «Эмоционалды салқындық», «Еркек әйелін дамытады», «Нашақорлық пен лудомания», «Әке отбасы тірегі» сынды бейнероликтер көрсетілді.
Зорлық-зомбылықтың белгілері мен салдары, физикалық және психологиялық белгілері туралы ақпарат беріліп , әр катысушы зорлық-зомбылықтан қалай қорғануға болатыны туралы өз ойларын ортаға салды.
Өз құқықтарды білу, жедел көмекке жүгіну, қауіпсіз жер табу, қолдау жүйесін құру, еш нәрсені жасырмай айту тағы басқа да сұрақтарға жауаптар берілді. Тренинг өте тартымды өтті. Шараны Жаңаөзен қалалық кәсіподақ филиалының төрағасы Р.Мухашева қорытындылады.
Қатысушыларға зорлық-зомбылыққа қарсы қорғану құралдары мен байланыс орталықтары туралы ақпарат берілді.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қалалық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-