МЕРЕЙДІ ӨСІРГЕН МАРАПАТ
”Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің маманы Айжарық Серімбетов Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің он жылдық салтанатты шарасына қатысты.
Айтулы шара ардагерлер мен ұстаздардың, білім саласы өкілдерінің қатысуымен өтті.
Басқосуда аға буын ардагерлер мен ұстаздар сағыныса қауышып, өткен жылдардың естеліктерін ортаға салды.
Мерекелік шара барысында білім мекемесінің тарихы мен ұстаздардың өткен өмірінің естеліктерінен сыр шерткен бейнеролик көрермен назарына ұсынылды.
Айта кетейік, 1988 жылдан бастап есту қабілеті бұзылған балаларға білім мен тәрбие берген мектеп-интернатқа жарты ғасырдан астам уақыт болғанмен, 2014 жылы «Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернаты» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен «Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжі» болып қайта аталды.
Салтанатты жиында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің маманы Айжарық Серімбетов сөз сөйлеп, жиналғандарды мерейтоймен құттықтады. Сөз соңында Айжарық Жайылханұлы мекеме басшысы Гүлсім Шакеноваға “Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісін табыстады. Сондай-ақ, кәсіподақ өкілі білім саласына үлес қосқан бірқатар кәсіподақ мүшелеріне марапаттар тапсырды.
Мерекелік шарада Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің математика пәнінің мұғалімі Нәзия Жанболатова мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ізімғали Жүсіповке облыстық кәсіподақ есебінен «Сарыағаш» шипажайына жолдама сертификаты табысталды. Одан бөлек үш қызметкер облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мерекелік шараға қатысқан меймандар ізгі тілектерін білдіріп, мекеме ұжымының еңбектеріне жеміс тіледі.
Мерекелік шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.