ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ
Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны аясында «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында ТОК-ШОУ өтті.
ТОК-ШОУ мақсаты: жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау.
Ұйымдастырылған іс-шараға Маңғыстау облысының әкелер одағының төрағасы: Аллаберген Қонарбаев - Қазақстан Республикасы жазушылар одағының мүшесі, психологиялық-педагогикалық қолдау орталығының психолог мамандары Әйгерім Елгондиева
және қамқоршылық кеңесінің төрайымы Жанна Байбозова қатысты.
Бұл шоуда- қазіргі таңда мектеп оқушылары арасындағы ең өзекті мәселе зорлық-зомбылық тақырыбы ашық түрде талқыланды.
Студия екі секторға бөлінген. Оң жақтағы орындықтар «Келісемін» жауабы, ал сол жақтағы орындықтар «Келіспеймін» жауабы. Әр қатысушы берілген тезиске өз қөзқарасын білдіру мақсатында екіге бөлінді. Бөлінген оқушылар тезиз бойынша өз ойларын кезектесіп ортаға салды. Пікір алмасу барысында қатысушылар қарсыластарының аргументтерімен келісіп, ойын өзгерткен жағдайда бағытын ауыстыра алды.
Іс-шара соңында қатысушылар мен оқушылар өзекті мәселелер бойынша жүргізілген жұмыс түрлері адам үшін құнды дүние екендігіне кері байланыспен ойларын жеткізді.
Түпқараған ауданында «Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБТүпқараған аудандық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою мақсатында «Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Іс шараға арнайы Түпқараған аудандық білім саласы бойынша психологы Д.Жетібайқызы келіп, «Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында тренинг өткізді.
Семинар - тренингте 11 білім беру ұйымынан 20 психолог қатысты. Семинар бағдарламасына сәйкес психологтар іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-