АКЦИЯ АЯСЫНДАҒЫ ШАРАЛАР
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының кәсіподақ мүшелері осы күрделі мәселеге назар аударуға бағытталған көптеген іс-шаралар өтуде.
Мысалы, «Аққала мектеп-балабақша кешені» КММ «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты шараның мақсаты - буллинг, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Келесі сынып сағаты Г.З.Алекеева өткізген «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты сынып сағаты.
«Тәрбиесіздік — ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбу насыр әл Фараби. Балалар құқығын қорғау — егемен еліміздің асыл құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу — бұл тек мемлекеттің ғана емес,сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті. «Ең алғашқы буллинг балабақшадан бастау алады. Өйткені, балабақша – баланың өзгелермен араласып, дос табуына жол ашатын орта. Кейде топтасқан балалар өздеріне ұнамаған баланы қатарларына қоспай, шеттетуі мүмкін. Ал бұл буллингтің алғашқы белгілері»,– дейді Ахметзаки Жанар «Дәншік бөбекжай-балабақшасы» КМҚК тәрбиешісі.
Қатысушылар, оның ішінде оқушылар, тәрбиешілер мен ата-аналар, пікірталастарға, семинарлар мен тренингтерге белсенді қатысып, гендерлік зорлық-зомбылықтың себептері мен салдары және оның алдын алу жолдары талқыланды.