
TED TALKS ФОРМАТЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар орталық кітапханасында "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" халықаралық акциясы аясында "Салауатты сана-мүмкіндіктері мен кедергілер" TED Talks форматында кездесу өтті.
Аталмыш шараға әр ауылдық округтен келген әйелдер кеңесінің төрайымдары, кәсіподақ белсенділері, директордың тәрбие ісі жөндегі орынбасарлары, ішкі саясат, жастар орталығының мамандары, аудан әкімдігінің заңгері, жергілікті полиция қызмет бөлімшесі бастығының орынбасары, "Байжігіт баба" мешітінің имамы, "Тұғырлы Тарбағатай" газетінің тілшісі, "Жанұя" отбасын қолдау орталығының мамандары қатысты.
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" бастамасына арналған TED Talks форматындағы кездесу барысында қатысушылар әлеуметтік әділеттілік және оның кез келген көрінісінде зорлық-зомбылыққа жол бермеудің маңыздылығы туралы терең ойларға бой алдырды. Қоғам өмірінің маңызды аспектілерін қамтитын бұл жоба белсенділер, мамандар және қарапайым азаматтар арасындағы ашық диалогтың триггері болды.
Кездесу барысында баяндамалар тыңдалып, тренинг жүргізіліп, ақпарттық сағат өткізілді.
-
Фото
-