
НҰРА АУДАНЫНДА КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
10 желтоқсанда Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымының Нұра аудандық кәсіподақ комитеті Келісу комиссиясының мүшелерін оқыту семинарын өткізді. Оқыту барысында білім қызметкерлері жұмыс барысында кездесетін түрлі дауларды талқылап, сауалдарына жауап алды, тәжірибелерімен бөлісті.
Оқыту семинарын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды филиалының заң клиникасының жетекшісі, медиатор-тренер, заңгер-кеңесші Шардарбекова Света Мұхамедияқызы жүргізді.
Семинар аяқталғаннан кейін әрбір қатысушы келісу комиссиясы құрамында жұмыс істеу үшін оның біліктілігін растайтын сертификатқа ие болды.
-
Фото
-