
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
2024 жылғы 12 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитеті отырысы өткізілді.
Алқалы жиынға Атқару комитетінің мүшелері, облыстық кәсіподақ аппаратының мамандары мен аудандық кәсіподақ комитет – Филиалдарының төрағалары қатысты. Жиынды кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі алғашқы сұрақ бойынша Кәсіподақ мүшелері мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша мүшелік ұйымдардың 2024 жылғы жұмысының қорытындысы туралы төраға Марат Даупаев ақпарат беріп, Тасқала, Ақжайық, Бөрлі аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыстары туралы аудандық кәсіподақ ұйымының төрағалары баяндама жасады.
Келесі сұрақтар бойынша бас маман Марина Темірғалиева - Облыстық кәсіподақ ұйымының Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия жұмысы туралы, кадр және іс жүргізу бойынша маман Әсем Қажығалиева - Құжат айналымын цифрлық форматқа көшіру жұмыстарының жай-күйі және кәсіподақ органдарының Кәсіподақта іс жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі шешімдерінің орындалуы туралы, маман Салтанат Бимағамбетова - Кәсіподақтың облыстық ұйымында ақпараттық жұмысты ұйымдастыру туралы ақпарат берді.
Күн тәртібіне қойылған барлық мәселелер қаралып, әр сұрақ бойынша тиісті Қаулылар қабылданды.
-
Фото
-