БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – БАСТЫ ТІРЕК
19 желтоқсан күні «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалы «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын ұйымдастыру бағытында әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға 35 бастауыш кәсіподақ ұйымынан төрағалар қатысты.
Кәсіподақ жұмысын ұйымдастыру тақырыбы бойынша ұйымдағы кәсіподақтың құрылу тәртібі, ұйымдастыру шараларының бағыты бойынша түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар жылдық аралық статистикалық есепті бекітілген формаға жүргізу бойынша да практикалық көмек көрсетілді.
Жалпы, мүшелік ұйымдардың жұмыс бағыты – олардың негізгі қызметінің тиімділігін арттыру.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық кәсіподақ филиалы
-
Фото
-