
ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес кезекті Атқару Комитетінің және Кеңес отырысын өткізді. Оған комитет мүшелері, аудандық, қалалық филиалдардың төрағалары мен облыстық ұйымға қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Алқалы жиынды облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов жүргізіп, кәсіподақтың маңызды және ауқымды мәселелері қаралды. Күн тәртібінде облыстық кәсіподақ ұйымына қарасты аудандық, қалалық филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымында іс номенклатурасына сәйкес құжаттардың жинақталуы, іс-қағаздардың жүргізілуі, кәсіподақ ұйымының еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылау және құқық қорғау жұмысын ұйымдастыруы мәселелері талқыланып, облыстық ұйымның және аудандық, қалалық филиалдардың 2024 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды.
Атқару комитеті облыстық кәсіподақтың 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын қарастырып, талқылай отырып бекітті. Алдағы жылға арналған кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар маңызды міндеттерді белгіледі.
Отырыстың күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Отырыс соңында кәсіподақ белсенділері марапатталды.
-
Фото
-