КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ КЕЗДЕСТІ
Бүгін, 24 желтоқсан күні, Кәсіподақтар үйінде «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық білім беру мекемелеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдары көшбасшыларымен кездесу өтті.
Облыстық салалық ұйым басшысы Қылышбай Сүндетұлы кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау мен әлеуметтік жағынан қолдау жолында аймақтағы білім беру мекемелерінде атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, оның тиімділігі мен нәтижесінің оң болуы көшбасшылардың белсенділігіне байланысты екенін баса көрсете келіп, барлық жиынға қатысушыларды жаңа жылмен құттықтады. Төраға ҚР Кәсіподақтар федерациясының ҚРКФ білім беру жобасы бойынша «Кәсіподақ көшбасшысы мектебі» алтыншы легінің бір топ бітірушілеріне куәлік тапсырды.
Кездесуде Мақат мұнай және газ технологиялық колледжісі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Баян Ташенбаева, «Зияткер» мектеп-лицейі кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мүшесі Гүлжан Тлешова және т.б. сөз сөйлеп, ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Кездесу соңы «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі студенттерінің концертіне ұласты.
Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі
-
Фото
-