КӘСІПОДАҚҚА АЛҒЫС!
Апат айтып келмейді. 2024 жылдың 14 қыркүйегінде отбасымыз қиын жағдайға душар болып, тілсіз жау - өрттің салдарынан үйіміз толығымен өртеніп кетті. Балаларымды өрттен аман алып шықтым, бірақ бір сәтте үйсіз, дүние-мүліксіз далада қалдық. Уақытша туыстардың үйін паналауға тура келді.
Біздің басымыздағы бұл жағдайды естіген жандар бей-жай қалмады. Өзім еңбек етіп, декреттік демалысқа кеткен ұжымым «Аққала мектеп-балабақша кешені» КММ директоры Н.К.Оқатаева бастаған әріптестерім бірінші болып қаржылай көмек көрсетті.
Сонымен қатар, Самар ауданы кәсіподақ ұйымы, ШҚО жергілікті кәсіподағына қаржылай көмек көрсеткен үшін алғыс айтамын.
Осы қиын кезеңде сіздердің баға жетпес қолдауларыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Кәсіподақ адамдардың бір мүддеге бірігуі ғана емес, көмек пен қамқорлық көрсететін нағыз жанашыр ұйым.
Мадина Байғожина,
ШҚО Самар ауданы «Аққала мектеп-балабақша кешені» КММ кітапханашысы, көпбалалы ана.