БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚҰҚЫҚТЫҚ СЕМИНАР
19 желтоқсан күні Ақтау қаласының IT мектеп-лицейінің акт залында «TEACHERS’ UPGRADE» жобасы аясында Аймақтағы мемлекеттік жалпы және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына арналған құқықтық оқыту шарасы өтті. Модераторлар: Есжанова Асельхан Маратқызы – педагог-сарапшы, екінші санатты басшы-менеджер, педагогика саласы бойынша көптеген қалалық, облыстық, республикалық байқаулар, семинарлар қатысушысы; Майрамов Бексұлтан Нұрмұханұлы – педагог-сарапшы, екінші санатты басшы-менеджер, «Білім берудегі менеджмент: мектеп қызметін басқару» білім беру ұйымдарының басшыларына арналған кадрлық резерв иесі, педагогика саласында көптеген жарыстардың жүлдегері.
Спикерлер: Баймбетова Тарбия Анайбекқызы – «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және құқықтық қызметтері жөніндегі бас маман Храмова Наталья Станиславовна, Тұрғаналиева Назгүл Нұрмұратқызы – Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы, Есмурзаева Қолқанат Қазмолдақызы – Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, Шырақбаев Нұрлан Жетпісбайұлы - Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы, сондай-ақ шараға төтенше жағдай департаменті, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті, прокуратура өкілдері.
Шараның І, ІІ бөлімінде, Баймбетова Тарбия Анайбекқызы, Храмова Наталья Станиславовна «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы туралы түсіндіріп өтті. Спикерлер Шырақбаев Нұрлан Жетпісбайұлы «Білім беру ұйымдарындағы санитариялық - эпидемиологиялық бақылау талаптарының дұрыс сақталуы», төтенше жағдайлар департаментінің өкілі «Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары мен талаптар», білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті өкілі «Білім беру ұйымдарындағы нормативтік құқықтық актілер», Ақтау қаласы прокуратура өкілі «Білім беру ұйымдарындағы келеңсіз оқиғалардың алдын алу шаралары, заң аясында әрекет ете білу дағдылары» тақырыптары бойынша баяндамалар жасады.
Қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді. Қорытындысында, семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Маңғыстау облыстық ұйымы
-
Фото
-