![](/static/pressapp/news/47142905010179659968023839091851495335900125n.jpg)
КОМИТЕТ ОТЫРЫСЫМЕН ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Бүгін облыстық Кәсіподақтар үйінде «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің кезекті комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қоғамдық бірлестіктің 2024 жылғы жұмыс қорытындылары» туралы бірлестік төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, «салалық кәсіподақтың Атырау қалалық және Құрманғазы комитеті» филиалдарының жарғылық міндеттерді орындауы туралы» филиал төрағалары Бағытжан Мұсағали, Әуез Изжанов және «Ұжымдық шарттарды жасау жөніндегі жұмыс жағдайы, білім және ғылым саласы ұйымдарында әлеуметтік әріптестік тиімділігін арттыру жөнінде» облыстық ұйымның заңгері Юлия Айбусыновалардың баяндамалары тыңдалды.
Сондай-ақ, бүгін аталған қоғамдық бірлестік атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті. Комитет мәжілісінде «Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының жарғылық міндеттерді орындауы туралы» ұйым төрағасы Айнұр Өтемісова, «Облыс бойынша жыл ішінде мұғалімдерден түскен арыздар-шағымдар және оларға берілген жауап жұмыстары туралы» заңгер Юлия Айбосынова және «Ұстаздық еңбек», «Білімді ел», «Қазақстан кәсіподағы» басылымдарына жазылуын ұйымдастыру туралы» бас маман Зауре Бекмұхамбетова хабарлама жасады.
Жиналысқа қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жарыссөзге қатысып, кәсіподақ ұйымының жұмысын жақсартуға бағытталған ұсыныс-пікірлер білдірді.
Басқосу жиынында облыстық Ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Мәлік Әбілхайыров, Жылыой ауданындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Шолпан Оңғарбаева, ардагер ұстаз Ғаділжан Кереев және басқалар сөйлеп, бірлестіктің биылғы жұмысына оң бағаларын беріп, болашақ қызметіне сәттіліктер тіледі.
Білім беру жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі шығармашылық жетістіктері және әлеуметтік әріптестіктің нығаюына қолдау көрсетіп, кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан елеулі үлесі қосқан бір топ кәсіподақ белсенділеріне Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақ ардагері», «Еңбек озаты» медальдері мен Алғыс хаттары табыс етілді. Марапат иелерінің қатарында «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау қалалық комитеті» филиалының төрағасы Бағытжан Мусағали, Индер ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Самал Байдешова, Т.Култумиев атындағы Құлсары балалар саз мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Ақмарал Амантұрлы, Мақат ауданы Х.Санбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нұргүл Оразова, Құрманғазы ауданы М.В.Ломоносов атындағы орта мектептің директоры Толқын Әжіғалиева, сондай-ақ бір топ сала ардагерлері мен кәсіподақ белсенділері, әлеуметтік әріптестер облыстық Ардагерлер кеңесінің «Тәлімгер» медалімен, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің «Кәсіподақ ардагері», «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ баспасөз қызметі
-
Фото
-