КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Ақтөбе облысының Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы жылды қорытындылады. Шарада кәсіподақ ұйымының жыл бойы атқарған жұмыстары туралы айтылды.
Салтанатты шарада аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова кәсіподақ ұйымы білім қызметкерлерінің қашан да қорғаушы саласы екендігін алға тартып, кәсіподақ саласының тынымсыз дамуына үлес қосып жүрген сала майталмандарын марапаттады.
Шарада аудандық кәсіподақ ұйымының ақшалай сертификаттары табысталды.
-
Фото
-