ҚАРҒАЛЫДА КӘСІПОДАҚ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ
Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің негізінде Жосалы орта мектеп балабақшасында, Әлімбет орта мектеп балабақшасында, “Айгөлек” балабақшасында, Бозтөбе негізгі мектебінде, Қосестек орта мектебінде, Ащылысай орта мектебінде қоғамдық бақылау жұмысын жүргізді.
Жұмыс барысында Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлнар Байменшина іс-қағаздардың дұрыс толтырылуы мен еңбек заңнамасының орындалуын қадағалады.
Сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі еңбек және ұжымдық шарттардың орындалуына жіті назар аударып, әдістемелік көмек көрсетті.
-
Фото
-