АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағы кезекті Атқару комитетінің отырысын өткізді. Отырысты Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев ашып, Атқару комитетінің мүшелерін күн тәртібімен таныстырды.
Атқару комитетінің отырысында:
1. Астана қаласының білім басқармасы мен Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің орындалу жағдайы туралы;
2. 2024 жылдың жазғы кезеңінде кәсіподақ мүшелерінің демалысын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Кәсіподақ жұмысының қорытындылары туралы;
3. Кәсіподақтың 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
4. Жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы туралы;
5. Кәсіподақтағы еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия және оның жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы;
6. Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының 25 жылдығына дайындық және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары туралы;
7. Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының істер номенклатурасы туралы;
8. Кәсіподақтың Жергілікті құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтар талқыланды.
Сондай-ақ, Атқару Комитеті отырысында белсенді кәсіподақ мүшелері марапатталды.