
ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ
Қызылорда облыстық Білім басқармасы мен Кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2024 жыл қорытындыланып, сала үздіктері марапатталды.
Қаладағы А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектепте өткен аталмыш жиынға Білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы, Кәсіподақ төрағасы Есқалиева Гүлнар Бабабекқызы қатысты.
Дәстүрлі басқосуда Қызылорда қаласы мен аудандардағы білім саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, білім беру ұйымдарының кәсіби ерекшеліктеріне сәйкес номинациялар табысталды.
Жекелеген оқытушыларға Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төсбелгісі, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «Алғыс хаты» берілсе, озық білім мекемелері «Үздік әлеуметтік әріптес», «Ынтымағы жарасқан ұжым», «Озық идеялар мен технологиялар ордасы», «Үздік білім беру ұйымы - 2024» атауларымен марапатталды.
Бұған қоса, Республикалық байқауларда жүлдегер атанған сала қызметкерлері мен Worldskills Kazakhstan 2024 IX Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарының еңбектері еленді.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де назардан тыс қалмай 6 журналистке «Үздік жаңалық жаршысы - 2024» номинациясы табыс етілді.
-
Фото
-