КӘСІПОДАҚ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАҒЫТЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР БЕРІЛДІ
Бүгін 6, қаңтар күні Маңғыстау облыстық ұйымының ұйымдастыруымен Қарақия аудандық филиалының бастауыш кәсіподақ төрағаларына арналған семинар өтті.
Семинар жұмысын «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Баймбетова Тарбия Анайбекқызы және облыстық аппараттың құқықтық қызметтер жөніндегі маманы Сүлейменов Рүстем Досымжанұлы жұргізді.
«Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын ұйымдастыру бағытында әдістемелік ұсынымдар» тақырыбына сай бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына қажетті құжаттарды айта келе, ұжымдық шарттардағы өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті.
Семинар мақсаты кәсіподақ қозғалысында қызметтің сапалылығы мен маңыздылығын арттыру және түсіндіру болды.
Семинар барысында берілген түрлі сауалдарға нақты тұшымды жауаптар берілді.
Семинардан кейін Қарақия ауданы бойынша 2024 жылға атқарылған жұмыстар бойынша Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының Қарақия аудандық филиалының төрағасы Қаржаубаева Маржан Бақтығалиқызының жылдық есебі тыңдалды. Атқарылған жұмыс есебіне оң баға берілді.
Бұл тақырыптағы семинарлар жыл бойы жалғасын таппақ.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы.
-
Фото
-