
ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛІП, ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Абай облысы білім басқармасының № 6 мамандандырылған мектеп-интернатында кәсіподақ мүшелеріне заңнамаларды түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Семинарда Абай облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Н..Абдулкаримова ҚР «Кәсіптік одақтар туралы», «Педагог мәртебесі туралы» заңы, әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімдер мен басқа да еңбек заңнамасының нормалары туралы түсініктемелер берді.
Семинар барысында сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілердің негіздеріне тоқталып, облыстық Келісіммен көзделген кепілдіктер мен өтемақылардың қолданылуы туралы айтылды. Қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар беріліп, жеке консультациялар өткізілді.
Түстен кейін мектепте еңбек заңнамасының орындалуы бойынша қоғамдық бақылау жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Бақылау қортындысы бойынша анықталған құқықбұзушылықтарды жою үшін орындау мерзімі көрсетілген акт берілді.
Семей қалалық комитеті
-
Фото
-