
ЖҰЛДЫЗДЫ САРАЙДЫҢ 7 ШЫҢЫ
Осындай атаумен Батыс Қазақстан облысында 11 қаңтар күні «АТАМЕКЕН» өнер ордасында Оқушылар сарайының 7 жылдығына орай мерекелік шара өтті.
Шараға Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының бас маманы Гүлжанат Құрманғазиева мен Орал қалалық кәсіподақ комитеті-Филиалының төрағасы Төлеген Темешев қатысты. Салтанатты жиында Оқушылар сарайының директоры Шолпан Сисеноваға Салалық кәсіподақтың «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» белгісі, ал бірқатар кәсіподақ белсенділеріне «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісі, сондай-ақ Орталық комитеттің және облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтары табысталды.
Кеште «AMANAT» партиясының қалалық және облыстық мәслихат депутаттары Тұрарбек Тілемісов, Оганнес Минасян, Жасұлан Ешмұхамбетовтардың қолдауымен еліміздің намысын халықаралық аренада қорғап, АҚШ-тың Бостон қаласында өткен байқауға қатысушылар, өңірді танытып жүрген үздік оқушылар марапатталып, оларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
-
Фото
-