
ҮЗДІКТЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ
10 қаңтар күні Ақтау қаласындағы №13 гимназияның акт залында Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының «Жыл қорытындысы – 2024» шарасы өткізілді.
Шараны Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының директоры Ә.Қабақов құттықтау сөзімен ашып, үздіктерді марапаттады.
Шара барысында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі маманы А.Аманиязова ұстаздарды жыл қорытындысымен құттықтап, жеңімпаз, жүлдегер жаттықтырушы-ұстаздарды марапаттады.
Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған аудандық, қалалық білім бөлімдері Маңғыстау облыстық блім басқармасының Дипломы және кубогымен марапатталса, 2024 жыл қорытындысы бойынша «Үздік жаттықтырушы» «Үздік дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» «Үздік әдіскер» «Үздік спорттық аудан,қала» «Үздік ұйымдастырушы» номинациясы иелеріне Маңғыстау облыстық білім басқармасының Дипломы және Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының «Жыл қорытындысы-2024» статуэткасы табысталды.
Сондай-ақ, бірқатар жаттықтырушыларға және ардагер ұтаздарға бұқаралық спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Маңғыстау облыстық білім басқармасының Алғысы және Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының «Жыл қорытындысы-2024» статуэткасы табысталды.
Шара қатысушыларына экраннан Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының іс-шараларын айшықтайтын бейнетаспа слайды назарға ұсынылды. Сонымен бірге, өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті. Шара өте қызықты және тартымды өтті. Шара соңында марапат иелері бір-бірін құттықтап, естелік суретке түсті.
Маңғыстау облыстық ұйымы