КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАРҚАРАЛЫДАҒЫ ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСЫ
Қарағанды қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұжымы мектеп кәсіподағының ұйымдастыруымен жаңа жыл қарсаңында Қарқаралы ауданындағы, тау бөктерінде орналасқан "Abyz" демалыс кешенінде демалды.
Қарқаралы - жылдың қай мезгілінде болса да жарқын әсер қалдыратын, сұлу табиғатымен ерекшелетін көне қала. Қалың қар басқан орманды көргенде ертегі әлеміне енгендей боласың.
Мектеп ұжымы алтыбақан теуіп, таза ауамен тыныстап, қысқы орманда серуендеп, мемлекеттік ұлттық табиғи парктегі жабайы жануарларды тамашалады.
Ұжым тамаша көңіл-күй мен әсерлі демалыс сыйлаған бастауыш кәсіподақ комитетіне шексіз алғысын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Қарағанды қаласы
Б.Момышұлы атындағы ЖБОМ
-
Фото
-