ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСІПОДАҚТЫҢ АЛҚАЛЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қаңтардың 15-і күні кәсіподақ ұйымының дәстүрлі алқа отырысы өтті. Отырыстың негізгі мақсаты – өткен жылды қорытындылау, белсенді мүшелердің еңбегін атап өту және алдағы жылға нақты жоспарлар құру болды.
Жиын барысында ұйымның негізгі бағыттарындағы жетістіктер сарапталды. Мәселен:
• қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстар;
• әлеуметтік көмек көрсету бағдарламаларының жүзеге асырылуы;
• қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында өткізілген іс-шаралардың тиімділігі бағаланды.
Кәсіподақ жұмысының табысты болуы оның мүшелерінің белсенділігі мен адалдығына тікелей байланысты. Осыған орай, ұйымның алқа отырысында үздік мүшелер арнайы марапаттарға ие болды. Атап айтар болсақ, бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері Анапьяев Мухтар Жусипович (№66 орта мектеп), Байниязов Асылбек Сахиевич (№237 негізгі мектеп), Сарманова Шолпан Ажайповна (№83 орта мектеп) Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен марапатталса, Койбагаров Алмат Баймаганбетович (№281 негізгі мектеп), Мереева Жаңылған Мәлікқызы (№69 орта мектеп), Досаева Райкуль Адильхановна (№73 орта мектеп), Батаманов Еркин Жеткерович (№82 орта мектеп) Салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасының иегері атанды. Сонымен қатар Сембекова Мария Абубакировна Кәсіподақ ардагері төсбелгісімен марапатталды.
Отырыс барысында өткен жылға қорытындымен қатар осы жылғы кәсіподақ ұйымының жұмыс жоспары да таныстырылды. Жоспарланған іс-шаралар кәсіподақ мүшелері тарапынан қолдау тауып, алдағы уақытта бірлесе атқару келісілді.
Жиын соңында сөз алған кәсіподақ комитетінің басшысы Мирманов Жұмабай Әмірханұлы жылдың табысты аяқталуы – ұжымдық жұмыстың жемісі екенін айта отырып, ендігі мақсат – жаңа жылда да осы қарқынды сақтап, кәсіподақ мүшелерінің мүддесін барынша қорғау екенін атап өтті.
-
Фото
-