КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫСЫ
Абельбаева Гаухар Нұркелдіқызы Талдықорған қаласындағы №8 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасында музыка жетекшісі және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметін атқарып келеді.
Ол жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу бағытында жете меңгерген мамандардың бірі. Әріптестер арасында беделі зор, ұйымдастырушылық қабілеті жақсы, тіл табыса білетін Гаухар Нұркелдіқызы кәсіподақ жұмысын белсенді атқарып, әріпестеріне әрқашанда көмек көрсетуден аянбайтын сыйлы әріптес.
Табанды еңбегінің арқасында ол Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағының «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Марапатыңыз құтты болсын! Жұмысыңызға шығармашылық табыс тілейміз!
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ- нің Талдықорған қалалық филиалы