
ЕҢБЕК АДАМЫ
Ұстаздық – адамзат өркениетінде қаншама мың сан мамандықтың ішіндегі ең құрметтісі. Осы ізгі мамандықтың атына қылаудай кір келтірмей, білім саласында жарты ғасырға жуық өзі таңдаған саласына адал қызмет етіп келе жатқан кәсіподақ мүшесі – Рахметов Альберт Балымбетұлы.
Әр адамның өз алдына дара жолы бар. Рахметов Альберт Балымбетұлы 1969 жылы Қарабұтақ ауданында дүниеге келген. Т.Г.Шевченко атындағы орта мектебін тәмамдайды. 1986 жылы Ақтөбе қаласында № 24 орта кәсіптік техникалық училищесіне киномеханник мамандығы бойынша оқуға түсіп, еңбек жолын Қарабұтақ ауданындағы Т.Г.Шевченко атындағы совхоздың мәдениет үйінде өз мамандығы бойынша еңбек жолын бастады. Мәдениет үйінде жұмыс істеп жүрген жас маман әскерге шақырту алып, 1987-1989 жылы аралығында Приволжско-Уральский әскери округінде азаматтық борышын өтейді. 1988 жылы Армян СоветСоциалистік республикасында Ленинакан қаласы жер сілкінісінің апатынын зардабын жоюшы санитарлық қызмет бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Одан кейін 1989 жылы Қарабұтақ Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол үйірмесінің аға жаттықтырушысы қызметін атқарды. 1991 жылы Т.Г.Шевченко атындағы орта мектебіне ауысып, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі ретінде жұмысын жалғастырды. 1998 жылы Әйтеке би ауданы Талдысай орта мектебіне дене тәрбиесі пәні мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды. 1999-2004 жылы аралығында Алматы қаласындағы Қазақтың спорт және туризм академиясының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, жаттықтырушы» деген біліктілік берілді. 2002 жылы Талдысай орта мектебінің директоры болып тағайындалды. 2007 жылдан бастап Әйтеке би аудандық білім бөлімінің дене тәрбиесі пәнінің әдіскері болып қызмет атқарады.
Әдіскерлік салада күш қуаты мықты, жан тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар дене дайындығы мықты оқушыларды дайындауға рухани қазынамен сусындатуға өз үлесін қосып келеді. Әдіскерлік салаға келгеннен бері жыл сайын тұрақты түрде аудандық турнирлерді ұйымдастыруға атсалысады.
Дене тәрбиесі пәнінің мән-маңызын көпшілік елей бермейді. Алайда бұл қате пікір. Бұл пән барлық жастағы балалардың физикалық дағдыларын дамытады. Оқушыларды төзімділікке, ептілікке тәрбиелейді. Сондықтан пән мұғалімі ретінде Альберт Балымбетұлы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ бағдарламасына тың әдістер қолданады. Оқушылардың шымыр, табанды болып өсуіне бар күш-жігерін жұмсап келеді.
Өзінің еңбегі, спортқа деген ынта-ықыласының нәтижесінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Альберт Балымбетұлы аудандық, облыстық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, Республикалық жарыстардың жеңімпазы атанды. Оқушылары талай спорттық долалардың жүлдегері. Осы еңбегінің нәтижесінде түрлі марапаттармен және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен, облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен,
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
-
Фото
-