МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
«Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі мен «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасады.
«Жетісу облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысы Молдахметов Батыр Қайркенұлы мен облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Төлепбергенов Мэлс Құлмұханұлы бірқатар мәселелерді көтеріп, білім саласы мекемелерінде жұмыс атқаратын жалпы жұмыскерлердің қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасап, еңбек адамының материалдық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту, туындаған мәселелердің шешу жолдарын қарастыруды көздеді.
Сонымен қатар, өндірістік жарақаттарды алдына алу, ұжымдық шарт тараптарын жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жауапты мамандардың біліктіліктерін арттыруға бағытталды.
Қос тарап меморандумды бір жылға жасап, жан-жақты талқылап, қажетті ұсыныстарды енгізді. Алдағы уақытта бірқатар игі бастамаларды жүзеге асыратын болады.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және
жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті
кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі
-
Фото
-