
АУДАНДА САЛА ҮЗДІКТЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Ақтөбе облысында Темір аудандық білім бөлімінің кеңейтілген кеңесі өтті. Кеңес барысында білім беру саласына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Жиында ауданның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және білім саласына қосқан үлесі үшін бірқатар білім беру ұйымдарына марапаттар табысталды.
Білім саласының өкілдерімен кездесуде Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова мен аудандық білім бөлімінің басшысы Светлана Қарабалина Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Айта кетейік, шарада балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдары аудандағы мәдени іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс хаттармен марапатталса, республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен жалпы орта білім беру ұйымдары құрметке бөленді.
-
Фото
-