ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – ДАМУ КЕПІЛІ
Бүгін облыстық кәсіподақ ұйымы тағы бір мемлекеттік мекемемен меморандум жасады. Бұл жолы Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы арқау болды. Мекеме басшысы Сүлейменов Қуаныш Сұлтанұлы мен «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлепбергенов Мэлс Құлмұханұлы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұндағы мақсат кітапханашылар мен шығармашылықпен айналысатын адамдарға барынша қолдау таныту болып табылады. Екі тарап бірлесіп, ауқымды жұмыс жоспарын құруда. Үш жылға жасалған меморандум аясында кәсіподақ мүшелерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және
жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті
кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі
-
Фото
-