ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы В.В.Малахов пен бухгалтер Г.А.Бейсембаеваның «Новополяковка орта мектебі» КММ техникалық персоналымен «Кәсіподақтың рөлі және кәсіподақ мүшелігі қандай кепілдіктер береді» тақырыбы бойынша кездесу өтті.
Вячеслав Васильевич кәсіподақтың мақсаттары мен міндеттері туралы, кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде және еңбек жағдайларын жақсартуда атқаратын ролін айтып, Бірыңғай ұжымдық шартқа егжей-тегжейлі тоқталды. Еңбек шартын жасасу, қызметкердің міндеттері, мереке және демалыс күндері ақы төлеу, демалыстар мен сауықтыруға арналған емдік жәрдемақы төлеу, кәсіподақ мүшелері ғана алатын сауықтыру жәрдемақысы және қызметкерлердің мектепті жөндеуге қатысуына байланысты қосымша бес күндік ақылы демалыс алу туралы, жұмыс орнында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету және т. б.
Зиянды еңбек жағдайлары үшін жалақы мен қосымша ақыны есептеу тәртібін, техникалық персоналдың жалақысы 2025 жылы 29% - ға өскені және зияндылығы үшін қосымша төлемдерге байланысты 96800 теңге құрайтыны туралы Г.А.Бейсембаева түсіндірді.
Кездесуге мектеп директоры Г.К.Увалиева, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А. К.Сатинова қатысты.
Қызметкерлердің әрқайсысы сұрақтар қойып, өз ойларын айтып, ашықтық пен ынтымақтастық атмосферасын тудырды.
-
Фото
-