ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
24 қаңтарда Маңғыстау облыстық ұйымы Ақтау қалалық филиалы Н.Оңдасынов атындағы №5 орта мектепте Келісу комиссиясы мүшелері арасында «Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Кәсіподақ ұйымы қызметінің негізгі бағыты — еңбек адамының құқықтарын қорғау және еңбек дауларының алдын алу болып табылады.
Семинарда Маңғыстау облыстық ұйымының құқықтық қызметтер жөніндегі бас маман Н.С.Храмова семинардың мақсат-міндеттері туралы айтып, жеке еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу үшін қаралатын мәселелердің қаншалықты маңызды және талапқа сай орындалуын басты назарға алу және еңбек қақтығыстарын шешуде келеңсіздіктерге жол бермеу туралы толығырақ түсінік берді.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сертификаттар табысталды.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық филиалы
-
Фото
-