
КӘСІПОДАҚ ТИМБИЛДИНГ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Тимбилдинг – бұл ұйымның бірлігін нығайту, қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту және кәсіби дағдыларды дамыту мақсатында өткізілетін шаралар кешені. Мұндай іс-шаралар командалық жұмысты арттырады, ынтымақтастықты нығайтады және қызметкерлердің өзара түсіністігін тереңдетеді.
Аталған шараны «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК бастауыш кәсіподақ ұйымы «Зиновьевка» демалыс орнында ұйымдастырды. Тимбилдинг барысында ұйымдастырылған түрлі ойындар мен шаралар оқытушылар мен қызметкерлерді бір-бірімен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді. Әркім өз таланттары мен қабілеттерін көрсете отырып, команда жұмысын ерекше дәрежеге көтерді. Жаңа идеялар мен ынтымақтастықтың құны ұғындырылып, әріптестер арасындағы байланыс күшейді. Таза ауа, әдемі табиғат және жылы атмосфера алдағы күндердегі жұмысымызға жаңа серпін беріп, естен кетпес естеліктер сыйлады.
Осындай іс-шараларды өткізу біз үшін маңызды, себебі ұжымның бірлігі мен ынтымақтастығы – біздің жетістігіміздің кілті.
Ж.Даутова,
«Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК бастауыш кәсіподақ төрағасы.
-
Фото
-