
ОРАЛДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының төрағасы Төлеген Темешев қалалық №1 жалпы орта білім беретін мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымындағы кәсіподақ жұмысының барысымен танысып, мектеп ұжымымен кездесті.
Кәсіподақ мүшелігін нығайту мақсатындағы кездесу барысында кәсіподақ қызметінің кепілдіктері, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, олардың заңды мүдделерін қорғау бойынша атқарылған бірқатар жұмыстарға тоқталды. Ұжымның толықтай кәсіподақ мүшелігінде болуының маңыздылығы мен кәсіподақ ұйымдарындағы қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделерін қорғау бойынша нақты жағдайлар мен фактілерді келтіре отырып, кәсіподақ ұйымдарының қызметі туралы ақпараттық және түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесуге қатысушылар еңбек қатынастарына байланысты туындаған сұрақтарына жауап алып, кәсіподақ қозғалысын дамыту үшін жас мамандарды да қолдап, олардың тұлғалық және кәсіптік мүмкіндіктерін ашу және тиімді қолдануға жағдай жасау туралы ұсыныстар айтылды.
-
Фото
-