
ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кәсіподақ үйінің мәжіліс залында Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Атқару комитетінің отырысы өтті. Жергілікті кәсіподақтың филиал жетекшілері, құрылтайшылығындағы мекеме басшылары мен комитет мүшелері қатысқан жиынды Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ашып, жүргізіп отырды. Отырыста кәсіподақ қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері қаралды.
Жиында алдымен Жергілікті кәсіподақ ұйымының 2024 жылғы қызмет қорытындылары нақтыланып, 2025 жылдың жұмыс жоспары бекітілді.
- Салалық кәсіподақтың ХV съезі мен Жергілікті кәсіподақтың ХV Конференциясының шешімдерін және Пленум Қаулысын іске асыру жұмысын сапалы жалғастырып, салада әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытуға, педагогттардың әлеуметтік мәртебесін арттыруға, одақ мүшелерін әлеуметтік әріптестік актілерінде көзделген жеңілдіктермен және кепілдіктермен толық көлемде қамтамасыз ету үшін мемлекеттік билік органдарымен, жұмыс берушілер бірлестіктерімен өзара белсенді іс-қимылдар жалғассын, - деді Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков.
Жиында ҚР кәсіподақтарының 120 жылдығын мерекелеу мен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында педагог емес қызметкерлердің еңбегін оңтайлы ету, оларды кәсіподақтық іс-шараларға көптеп тарту, еңбек адамы ретінде дәріптеу жұмысына екпін беру мәселесі қаралды.
Отырыста бұдан бөлек жоғары тұрған кәсіподақ органдарымен бекітілген - мүшелік, қаржылық, құқықтық, ұжымшарттық, еңбекті қорғау бойынша есептіліктердің нәтижелері тыңдалды. Сонымен бірге, сала өкілдері-кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы өкілдерін сауықтыруды ұйымдастыру тәртібі мен шарттарының, кәсіподақ мүшелеріне материалдық және қайырымдылық көмек берудің шарттары мен тәртібі, кәсіподақ ұйымдары өткізетін кәсіподақ байқаулары мен іс-шараларының жеңімпаздарына біржолғы төлем төлеу бойынша Ережелер талқыланып, бекітілді.
Атқару комитетінің шешіміне сәйкес биыл ІХ облыстық «Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары» спартакиадасы және салалық «Еңбекші» газетінде тақырыптық байқаулар өткізу жоспарланды.
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.
-
Фото
-