
АДАМНЫҢ АДАМШЫЛЫҒЫ - ЖАҚСЫ ҰСТАЗДАН
Ұстаз – адам өмірінде ерекше орын алатын, әрбір жанның жүрегінде өшпес із қалдыратын ұлы тұлға.
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, «Білім-инновация» лицей- интернатының тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі - Мурзакенов Айдын Өкенұлының шығармашылық қызметін осылай белгілеуге болады.
Айдын Өкенұлы - еңбек жолында шығармашылықпен жұмыс істеп жүрген ұстаздардың бірі. Ізденімпаз ұстаз, пәндік сабақтарын әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып өткізеді. Шәкірттері пәндік олимпиада мен ғылыми жоба жарыстарында республика көлемінде жүлделі орындар ие болып жүр. Сонымен қатар, Айдын Өкенұлы «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ-ң Әдістемелік орталығының тарих бөлімі бойынша эксперттік комиссиясының мүшесі. «Қазақстан тарихынан олимпиадаға жүйелі дайындау» тақырыбында «Табысты мектеп» жобасы бойынша облыс көлемінде тәжірибесін таратуда.
Ұстаз еңбегі жоғары бағаланып, 2020 жылы Қазақстан Респуликасының «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісінің иегері атанды.
Айдын Өкенұлы - білім ошағында 2006 жылдан бері бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы. Кәсіподақ көшбасшысының көпжылдық еңбегі еленіп, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен марапатталған.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің Талдықорған қалалық филиалы