
МАҢҒЫСТАУДА КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІ ОҚЫТЫЛДЫ
Ақпанның 6-сы күні Маңғыстау облыстық ұйымының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беретін мектепте облыстық ұйым төрағасы Баймбетова Тарбия Анайбекқызы мен құқықтық қызметтер жөніндегі бас маман Наталья Станиславовна Храмова мектепке дейінгі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Келісу комиссияларының мүшелеріне оқыту семинарын өткізді.
Оқыту семинары барысында Келісу комиссиясы мүшелерінің біліктілігін арттырудың маңыздылығы мен еңбек дауының алдын алу, еңбек қатынастары мәселелерін Ұжымдық шартта көрсетілген тәртіппен шешу жолдары айтылды.
Құқықтық қызметтері жөніндегі бас маманы Наталья Станиславовна Храмова еңбек дауларында келіссөздер жүргізе білу дағдыларын дамыту және консенсусқа қол жеткізу кәсіподақтардың негізгі міндеттерінің бірі болып табылатындығына екеніне ерекше тоқталып, әрбір кәсіподақ мүшесіне әдістемелік көмек берді.
Семинар жұмысына Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі басшысы Батырбек Демократұлы, келісу комиссияларының мүшелері қатысты.
Спикерлер еңбекақыны уақытылы төлеу, жұмыс жағдайларын жақсарту, жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мәселелері туралы толық түсінік берді.
Р.Текеева,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы филиалының төрағасы
-
Фото
-