
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Ақтөбе Жоғары политехникалық көлледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен “Еңбек еткен - құрметке жеткен” тақырыбында жұмысшы мамандарға арналған ықылас шарасы өтті. Аталмыш шара жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілді.
Шараға Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының, облыстық білім басқармасының, “Аманат” партиясының өкілдері және депутаттар, қоғам қайраткері, кәсіпкерлер қатысты.
Шараның мақсаты - еңбек адамының бейнесін дәріптеу, студент жастарға адал, ауыр еңбектің құндылығын түсіндіру.
Салтанатты шараға қатысушы қонақтар колледж жұмысшыларына жылы лебіздерін білдіріп, сый-сыяпаттар табыстады. Сондай-ақ, облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы Александр Алипмиев ұйым атынан Алғыс хаттары мен емдеу-сауықтыру орындарына жолдамалар табыстады.
Салтанатты шара колледж өнерпаздарының сазды сәлемімен жалғасты.
-
Фото
-