
ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУДЕ КЕЛІСУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ РӨЛІ
Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні Маңғыстау облыстық ұйымы Ақтау қалалық филиалы Ақтау қаласында жаңадан ашылған жалпы білім беру мектептері мен мүшелік бастауыш ұйымдар арасында «Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинарда Келісу комиссиясы мүшелерін құру тәртібі бойынша егжей-тегжейлі ақпарат берілді.
Семинарда Маңғыстау облыстық ұйымының құқықтық қызметтер жөніндегі бас маманы Н.С.Храмова семинардың мақсат-міндеттері туралы айтып, оқыту семинары барысында «Келісу комиссиясы мүшелерінің» біліктілігін арттырудың маңыздылығы мен еңбек дауының алдын алу және нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары әр түрлі форматта жүргізілді.
Жеке еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу барысында талап нормаларының сақталуын басты назарға алу бойынша толығырақ түсініктемелер берілді.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сертификаттар табысталды.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының Ақт.ау қалалық филиалы
-
Фото
-